«Ғасырлар тоғысында»

№2 ООК қызметкерлері кітапхананың жас оқырмандарына «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Алғыс айту күніне арналған «Ғасырлар тоғысында» панорамалық кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітап көрмеде ежелгі кезеңнен бастап бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы туралы мәліметтерге толы басылымдар, туған өлкенің тылсым табиғатымен таныстырып, тарихи және бүгінгі күннің бірегей тұлғаларының өмірі мен шығармашылығы жайлы баяндайтын жаңа әрі көркем безендірілген кітаптар ұсынылды. Ал аңыз, әңгіме, әпсаналар қазақ халқының мәдени мұрасы жайында сыр шертеді.

                                                                                                                    

 


Келулердің саны: 662