"Мен алғыс айтамын!"

№ 1 отбасылық оқу кітапханасында күні бойы оқырмандарға 2016 жылғы 14 қаңтарда ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Алғыс айту күніне арналған "Мен алғыс айтамын!" көркем-публистикалық композициясы ұсынылды. Бұл мереке Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні -1 наурызда атап өтіледі. Мемлекет басшысы 1 наурызды "Алғыс айту күні" деп жариялап, бұл күні «ел халқы бір-біріне және қазақтарға жер аударылған жылдары шыдамдылық пен қонақжайлылық танытқаны үшін этнос өкілдері алғыс білдіре алады», деп атап өтті. Бұл қайырымдылық, достық, барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген сүйіспеншілік мерекесі.

Оқырмандар Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы және қызметі туралы, еліміздің аумағында тұратын халықтар туралы әдебиеттермен және саяси қуғын-сүргін құрбандарының естеліктерінің жинақтарымен танысты.

Аталған басылымдар жаңа мереке - Алғыс айту күнінің мәні мен тарихи негіздерін ашуға көмектеседі, кітапхана пайдаланушыларының бойында көпұлтты Қазақстанның өткен тарихына деген құрмет және мақтаныш сезімдерін, патриотизмді тәрбиелеуге ықпал етеді.



 


Келулердің саны: 255