«Төрле, Наурыз, салтанатты салтымыз»

2019 жылдың наурыз айының жиырмасыншы жұлдызында №4 мектеп оқушыларымен 22 наурыз Ұлыстың ұлы күніне арналған  «Төрле, Наурыз, салтанатты салтымыз» атты іс-шара өтлщді. Наурыз айы тамаша мерекелерге бай, оның ішінде ең бастысы Наурыз мейрамы. Шығыс күнтізбесі бойынша осы күндерден табиғаттың оянуы басталады, ол өзімен бірге көптен күткен жылу, мейірім және көктемді әкеледі. Бұл мереке әрбір елді мекенде, мекемеде ерекше қарқынмен, шаттықпен, берекелі дастархан жасаумен аталып өтіледі. Алдымен оқушыларды Наурыз  мейрамымен құттықтап, аталмыш мерекенің мәні мен маңызы туралы айтылды.Ұлттық тағамдар толы жайылған дастархан басында оқушылар Наурыз мейрамы туралы жырдан шашу шашып, мақал-мәтелдердің, өлеңдердің жалғасын тауып «Мені жалғастыр», «Адасқан сөздер», т.б ойындар ойнатылып, «Қазақстанның салт-дәстүрлері» атты викториналық сұрақтарға жауап берді. Бұл күні "Наурыз көже"тағамы басты тағам болды. Наурыз көженің жеті компоненті өмірдің жеті элементін білдіреді және де №3 кітапхана – бөлімшесінде оқырмандарға арналған « Наурыз тойы – береке, Наурыз тойы жыр аңыз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Наурыз тойының табиғатын, шығу төркінін, мазмұны мен мәнін, халықтың мәдени-рухани өміріндегі орнын баяндап, қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен қолөнері, ұлттық тағамы туралы насихаттау.

 


Келулердің саны: 445