Кітапхана, кітап, бәріміз – адал доспых жақсы біз

   Балалар мен жасөспірімдер кітабы апталығы аясында «Кітапхана, кітап, бәріміз – адал доспых жақсы біз» атты ашық есік күні өткізілді. Бұл күні кітапханаға тұрақты оқырмандардан басқа №4 ЖББМ 4-ші сынып оқушылылары келді. Кішкентай қонақтар үшін кітапханаға экскурсия жасалды, кітапхананы қолдану ережелері туралы айтылып, балалар және ересектер абонементінің кітап қорымен таныстырды. Кітапхананың оқу залында балаларға қызықты байқаулар, викториналар, жұмбақтардан тұратын мерекелік бағдарлама дайындалды. Соңында балалар қуыршақ театрының қойылымына қатысты. «Бір кітаптың тарихы» атты ертегі қойылымын тамашалады.

       
           
       

Келулердің саны: 179