Қала туралы білгің келсе, кітапханаға кел!

   9 сәуір күні «Шежірелі өңірдегі шағын қалашық» Балалар және жасөспірімдер кітабының апталығы аясында Саран қаласының 65 жылдығына орай жастарды кітапханаға тарту, өлкетану әдебиеттерін оқуға деген қызығушылықтарын арттыру және адамгершілік, патриоттық тәрбие беру мақсатында Саран қаласы және Ақтас кентінің барлық жалпы білім беретін мекемелерінде «Қала туралы білгің келсе, кітапханаға кел!» атты жарнамалық-ақпараттық акциясы өткізілді. Бұл күні өлкетану әдебиеттеріне шолу жасалып, сауалнамалар, викториналар өткізілді, «Саранға – 65 жыл» флешмобы ұйымдастырылды. Аталмыш акция аясында бүктемелер, үндеухаттар, жолсілтемелер, бетбелгілер, дайджестер әзірленді.

       
       
       
         

 

 


Келулердің саны: 436