VIP-face

Орталық қалалық кітапхананың Коворкинг орталығында Саран қаласының 65-жылдығына орай қаламыздың табысты адамдарымен «VIP-face» атты кездесу кеші өткізілді.

Кездесуге халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық байқаулардың лауреаты, Саран қ. әкімінің «Қыран» сыйлығының иегері, Саран қ. БӨМ оқытушысы, дарынды тұлға – Санархан Асылбек, сонымен қатар №6 ЖББМ аға жетекшісі, «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы, «ЭКОС» қоғамдық бірлестігінің төрағасы – Антон Олегович Чагин шақырылды. Қонақтар өмір, өнер жолдарын тілге тиек етіп, табысқа жету сырларымен бөлісті. Олардың бірі би әлемін терең танып, сол өнердің сұлулығын жұртшылыққа қаз қалпында жеткізе білетін асқақ шебер болса, енді бірі - ұйымдастырушылық қабілеттері басым, жастар арасында конструктивті диалог құрып, өз соңынан ілестіре білетін көшбасшы. Олардың есімдері «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жарық көрген «Табыстың 100 тарихы» атты жинаққа енді.

Іс-шара барысында Санархан Асылбектің шәкірттері «Шашу» биін тарту етті. Бүгінгі күннің жастары да санқырлы, заман талабына сай дамып, жетіліп келеді. Солардың бірі А.Құнанбаев атындағы СГТК студенті Рашид Дамир өз өнерін ортаға салып, гитарада Қ.Рахымның «Жан досым», А.Төлепбергеннің «Я за тебя умру» әндерін орындады.

Іс-шара соңында жастар қонақтарға өздерін толғандырған сұрақтар қойып, өз пікірлерін ортаға салды. Өз кезегінде қонақтар студенттерге мұқият тыңдағандары үшін алғыс айтып, олардың алға қарай ұмтылуға сенімділіктерін арттырғандарына, ең бастысы өз өмірлік және кәсіби тәжірибелерімен бөлісе алатын жастардың бар болғанына ризашылықтарын білдірді.

 

       
       

Келулердің саны: 291