Қазақстан – ынтымағы жарасқан ел»

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында жастардың шығармашылық белсенділігін, Қазақстан жерінде тәту-тәтті тұрып жатқан халықтарға деген танымдық қызығушылықтарын арттыру мақсатында ОҚК коворкинг орталығында «Қазақстан – ынтымағы жарасқан ел» атты этнографиялық калейдоскобы өткізілді.

Іс-шара барысында өскелең ұрпақ мерекенің шығу тарихымен танысты, өз ойларын ортаға салып, викториналық сұрақтарға мүдірмей жауап берді және ұлттық ойындарға белсене қатысты. Сонымен қатар жастар «Қазақстан – достықтың мекені» атты кітап көрмесінде ұсынылған кітаптармен танысты.

       
       
           

Келулердің саны: 358