«Пике в бессмертие»

№1 ЖББМ жоғары сынып оқушыларына өткізілген «Өшпес ерлік» тарихи портреті аты аңызға айналған жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры – Нұркен Әбдіровке арналды. Қатысушылардың назарына Григорий Якимовтың «Пике в бессмертие» кітабы, «Батыр туралы аңыз» атты кітапшалары, балалар жас ұшқыштың өмірі, оның ұшуға деген құлшынысы және өшпес ерлігі туралы біле алатын басқа да дерек көздер ұсынылды. №1 ЖББМ 10 сынып оқушылары Кириакиди Полина және Кириакиди Софья аталмыш тақырыпқа қызығушылық танытып, «Батылдық – Мужество» жобасының аясында өткізіліп жатқан «Өткен жылдардың батырлары туралы...» Республикалық жастар байқауына қатысуға ниет білдірді. Материалдар мен жиналған қызықты деректерді зертетеп, зерделегеннен кейін оқушылар бейнеролик әзірледі.

 

              
         
           
           

 

 

 

 


Келулердің саны: 334