"Сырласым"

ОҚК коворкинг орталығында "Өмірге шуақ шашқан өлеңменен" тақырыбында "Сырласым" атты әйелдер клубының отырысы өтті.

Клубтың кезекті отырысы қаламыздың шығармашылық тұлғаларына арналды. Олар: Т. В. Стрельчук (педагогикалық еңбек ардагері, қалалық "Саран газеті" газетінің тілшісі), Г. Ж. Смаилова (№4 ЖББМ-нің кітапхана меңгерушісі).

Кітапханашының кіріспе әңгімесінен кейін клуб мүшелері мен жастар мектеп қабырғасынан бастап өлең жазаған талантты жерлесіміз, ақын Т. Стрельчуктың өмірі және шығармашылығымен танысуға мүмкіндік алды. Кездесудің қатысушылары автордың орындауында өлеңдер тыңдады. Г. Ж. Смаилова өзінің өмірі мен қызметі туралы айтып берді. Мамандығындағы жетістіктердің құпиясымен бөлісті. Өлең жазып, шығармашылықпен айналысуына кітапханадағы қызметі зор ықпал еткенін жасырған жоқ.

Кездесу соңында қатысушыларға Т.Стрельчуктің «Біздің Президентімізге» және т.б. өлеңдері енген"Ғасыр ғажайыбы - Астана" жинағы ұсынылды.

 


Келулердің саны: 105