«Қазыналы кітап үйі» экскурсиясы

2 шілде күні "Бахыт мектеп-балабақша кешені" ЖШС орта тобының тәрбиеленушілері үшін кітапханашылар «Қазыналы кітап үйі» атты экскурсия өткізді. Экскурсия барысында балаларды кітапхана және оның жұмысына байланысты кітапханашы, оқырман, кітап сөресі, стеллаж сияқты негізгі ұғымдармен таныстырды, кітапхана оқырманы болу үшін не істеу керек екенін айтты. Балалар кітапханашыны мұқият тыңдады, сұрақтар қойды,стеллаждарда орналасқан кітаптарды қызығушылықпен қарады, әр кітаптың өз орны бар екенін білді. Тәрбиеленушілерге кітапханада өзін-өзі ұстау ережелері, сондай-ақ кітаптармен қалай жұмыс істеу керектігі туралы айтылды. Экскурсия соңында кішкентай қонақтар "Біздің сүйікті ертегілер" викторинасына қатысты, оның нәтижесі балалардың ертегілер және олардың кейіпкерлерімен өте жақсы таныс екенін көрсетті, сонымен қатар "Үш мысық/Кітапхана" мультфильмін қызығушылықпен тамашалады.

        


Келулердің саны: 218