" Сәлем, кітап үйі!"

5 қыркүйекте "Березка" бала-бақшасының тәрбиеленушілері үшін "Кітаппен бірге біз өсеміз" клубы аясында ОҚК кітапханашылары " Сәлем, кітап үйі!" кітапханалық экскурсия сабағын өткізді. Кішкентай қонақтарға кітапхана не үшін қажет екендігі, кітапхана оқырманы болу және өзін кітапханада қалай дұрыс ұстау керектігі туралы айтылды. Сонымен қатар балаларға кітаптармен жұмыс істеу ережелерін еске салды. Балалар әңгімеге қызығушылықпен қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, кітаптарды қарады. Кездесу көңілді викторинамен және кітапхана туралы мультфильм көрумен аяқталды.


Келулердің саны: 22