"Ел өмірінің ырғағында" баспасөз сағаты

№2 ООК оқу залында Ақтас кентінің белсенді жастары үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты жолдауын түсіндіру бойынша "Ел өмірінің ырғағында" баспасөз сағаты өтті. Кездесу барысында жастар ҚР Президенті Жолдауының негізгі бағыттарымен танысты. Кітапханашының басшылығымен құжатта айтылған басымдықтар талқыланды, алдағы уақытта еліміздің жастары үшін зор мүмкіндіктер болатынына ерекше назар аударылды.


Келулердің саны: 131