"Сәкеннің сыр сандығы" атты оқырман конференциясы

Саран қаласы Мәдениет үйінің кіші залында Орталық қалалық кітапхананың қызметкерлері, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын, жазушы, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған "Сәкеннің сыр сандығы" атты оқырман конференциясын өткізді. Конференцияға кітапхана оқырманы О. Аманов, СТК кітапхана меңгерушісі М.А. Гофман, №1 мектеп-лицейінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі А. С. Мұстафин қатысты. Қонақтар жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы көптеген қызықты деректер айтып, О. Аманов С. Сейфуллинге арнаған авторлық өлеңін оқыды. Іс-шара барысында «Жас толқын» әдеби клубының мүшесі Төкен Нұрлыбек «С.Сейфуллинге арнау» өлеңін шырқап, оқырман қауымды тәнті етті. А.Құнанбаев атындағы СГТК студенті Сәулет Сәбидің орындауында С.Сейфуллиннің анасына жазған хатына арналған қойылым оқырман конфенциясын әсерлей түсті. Кітапхананың оқырмандары Темірханова Д. және Татаренко К. конференция қатысушыларына "Сәкен тірі! Қазақтай елі барда...» атты кітап көрмесін ұсынып, «Жас толқын» әдеби клубының мүшелері Қуат Еламан, Бекболат Асылжан және Мәлік Еркебұлан ақынның «Сыр сандық», «Кұздігүні далада», «Тергеген болсаң айтайын» өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Іс-шара соңында Айдын О., С. Сейфуллиннің "Тау ішінде"әнін шырқады.

 


Келулердің саны: 162