«Беделді мамандық» атты ақпараттық сағат (жастардың табысты өкілімен кездесу)

24 қазанда Саран қаласының Мәдениет үйінің "Жас отау" ЭМҚБ Абай Құнанбаев атындағы СГТК студенттерінің қатысуымен «Беделді мамандық» атты ақпараттық сағат (жастардың табысты өкілімен кездесу) өткізілді. Іс-шараны ұйымдастырған №3 кітапхана-бөлімшесінің кітапханашылары. Кездесуге "Рухани жаңғыру" жобасы аясында шығарылған "Табыстың 100 тарихы" атты жинағына есімі енген, №44803 әскери бөлімінің сержанты Дастан Армияұлы Аскеев шақырылды. Кездесу барысында Дастан Армияұлы студенттермен өзінің жеткен жетістіктері мен табыстары, әскери қызметтің ерекшеліктері туралы, патриоттық тәрбие туралы, өзінің басынан өткен оқиғалармен бөлісті. Ол әскери қызметте қандай қиындықтармен бетпе-бет келгенін, жақсы дене дайындығы қалай маңызды екенін, өзі үшін бұл жұмыс неге маңызды екенін айтты. Іс-шара барысында Абай атындағы СГТК студенті Уахитова Ақниет "Индиго" тобының "Алтын бесік"әнін орындады. Кездесу жастардың қонаққа сұрақтар қою және қызу дискуссиямен жалғасты. Кеш қонақтарының өтініші бойынша Дастан Армияұлы Отан туралы патриоттық ән орындады. Кітапханашылар өз тарапынан қонақты құттықтап, алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етті.


Келулердің саны: 109