Өз құқығыңды біл, міндеттеріңді ұмытпа

19 қарашада № 17 мектеп-гимназиясының алтыншы сынып оқушылары үшін ОҚК балалар абонементінің кітапханашысы " Өз құқығыңды біл, міндеттеріңді ұмытпа!" құқықтық ойынын өткізді. Балалар өздерінің қандай құқықтары және қандай міндеттері бар екенін білді, оқушылардың өмір сүру, білім алу, бос уақыт және мәдени, шығармашылық дамуына құқығын қамтамасыз ететін біздің еліміздегі негізгі құжаттарымен танысты. Ойын тапсырмаларын орындау алтыншы сынып оқушыларына сабақта алған білімдерін бекітуге көмектесті: ертегі кейіпкерлерінің бұзылған құқықтарын сипаттау бойынша балалар ертегілердің атауларын тапты; суреттер бойынша әңгіме қандай құқықтар мен міндеттер туралы екенін анықтады; терминдерді анықтамалармен сәйкестендірді. Осының бәрі аталмыш тақырып қызықты екенін көрсетеді.


Келулердің саны: 813