"Кітапханаға қош келдіңіздер!"

21 қараша күні "№ 5 облыстық арнайы мектеп-интернаты" КММ-нің төртінші сынып оқушылары үшін ОҚК қызметкерлері "Кітапханаға қош келдіңіздер!" экскурсиясын өткізді.

Әр залда балаларды сүйікті ертегі кейіпкерлері – Мысық Матроскин, Мыстан кемпір, сұр қасқыр және Малефисента күтіп тұрды. Тәрбиеленушілер қызығушылықпен кітаптарды қарап, ұнаған басылымдарды қуана оқыды, сонымен қатар ертегі викториналарына белсене қатысты.

Оқушы Роман Калиничев кітапхана туралы өлеңдерді жатқа айтып, А. Пушкиннің "Руслан мен Людмила"поэмасынан үзінді оқыды. Қуыршақтар театрының кішкентай қойылымы қонақтардың үлкен қызығушылығын тудырды, оның басты идеясы кітап оқуға және кітаптарға ұқыпты қарауға шақыру болды. Экскурсия кітапхана туралы мультфильм көрумен аяқталды. Мектеп тәрбиеленушілері мен тәрбиешілері сыйға тартқан кітаптар экскурсия ұйымдастырушыларына тосын сый болды.

  


Келулердің саны: 23