"Бізде жалғыз Отан – Тәуелсіз Қазақстан"

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында Орталық қалалық кітапхананың қызметкерлері «Саран қаласының ХҚК және ӘББ» ММ СГТК "СпортАктив" клубының волонтерлерімен бірлесіп, "Бізде жалғыз Отан – Тәуелсіз Қазақстан" атты патриоттық сағат өткізді. Іс-шара барысында көптеген қызықты және тарихи фактілер айтылды. Өз кезегінде клуб волонтерлері спорттық би билеп, Бахыт Хамза" Әке арманы", "Көңіл толқыны"күйлерін орындады. Ал 1-топтағы мүгедек Жамантай Төлеубайұлы Сраухановтың домбырада қазақ халық әндерін орындауы арқылы Отанға деген мақтаныш пен шексіз сүйіспеншілік сезілді.


Келулердің саны: 638