Қала тарихы – біздің мұра

18 желтоқсанда №2 ООК қызметкерлері Қарағанды қаласының 85 жылдығына және Саран қаласының 65 жылдығына арналған № 13 ЖББМ 6 "б" сынып оқушыларымен "Қала тарихы – біздің мұра" атты өлкетану саяхатын өткізді. Іс – шара барысында Қарағанды, Саран тарихынан қызықты деректер айтылды, ал медиа-презентация балаларға Аппақ Байжанов Қарағанды шатқалынан көмір тауып алған атаулы күннен басталған Қарағанды қаласы бойынша виртуалды саяхат жасауға, сондай-ақ Саран қаласының тарихына терең бойлауға мүмкіндік берді.

 


Келулердің саны: 587