«Қадыр Мырзалиевті оқимыз

15 қаңтар күні «№17 МГ» КММ-нің 5- сынып оқушылары ОҚК балалар бөлімі кітапханашысының басшылығымен "Қадыр Мырзалиевті оқимыз" акциясына қатысты (Қадыр Мырзалиевтың 85 жылдығына арналған "Есімі ұрпақ жадында" республикалық акция – поэзиялық онкүндік аясында). Кітапханашының жазушы өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімесінен кейін, балалар К. Мырзалиевтің "Сенің үйің" жинағына енген өлеңдерін оқыды, шығармалардан алған әсерлерімен бөлісіп, достық туралы афоризмдерді талқылады және ақын жазып қалдырған жұмбақтарды шешті. Кездесу соңында балалар жазушының шығармашылығына арналған кітап көрмесіндегі басылымдармен жақынырақ танысып, ұнаған өлеңдерді өз бетінше қайта оқыды.


Келулердің саны: 799