"Жер біздің ғаламшарымыз"

2020 жылғы 21 қаңтарда №2 ЖББМ балалар бөлімінің кітапханашысы Л. А. Клюева №13 ЖББМ 5 "б" сынып оқушыларына экологиялық сауаттылыққа тәрбиелеу мақсатында "Жер біздің ғаламшарымыз" атты табиғат білгірлерінің сайысын өткізді. Балалар "Менің ғаламшарым", "Мұхит құпиясы", "Орман түрлері" және т. б. байқауларда жақсы білімдерін көрсетті. Сайыстар арасында "Наама Бей, Мысыр айлақтарының су асты әлемі", "Жабайы жануарлар өмірі" бейнероликтерін қамтыған ақпараттық минут және "Жер жүзі", "Жануарлар әлемі", И. В. Травинаның "Жер ғаламшары туралы 365 әңгіме" атты, және т. б.энциклопедиялық басылымдарға шолу жасалды. Сайыс жеңімпаздары сыйлықтармен марапатталды.

 


Келулердің саны: 895