«Көк жол сандық» халықаралық жобасы №3 КБ

     «Көк жол сандықтың» саяхаты халықаралық жоба аясында №3 кітапхана бөлімшесінде «Оқимыз бірге, оқимыз барлық жерде, оқимыз бәріміз!» ұранымен ұсынылған кітаптардың оқулары, библиографиялық шолулар, сұхбаттар, әдеби мереке және ойындар өткізілді. «Көк жол сандықтың» басты міндеті - балалар мен ересектерді жақсы кітаптарды неғұрлым көп оқуды, үздік шығарманы таңдай бідуді, оқыған кітаптан алған әсерін басқалармен бөлісуді үйрету.
Жоба қатысушылары мүмкіндігі шекетеулі балаларға арналған №5 ОЖББМИ тәрбиеленушілері мен «Сәуле» балабақшасының балғындары болды. Аталмыш акция аясында кітапханада кітап көрме ұйымдастырылды. Ерекше кітап көрме балалардың қызығушылығын арта түсті. Тағы бір қуатқан жағдай: балалардың ата-аналары да ұсынылған кітаптарға қызығушылық танытты. Ең кішкентай оқырмандарға оқылымдар ұйымдастырылды. Жалпы айтқанда, оқырмандар арасында кітап көрменің абыройы үстем болды.

    

       Кітапханашылар №5 ОЖББМИ оқушыларына Көк жол сандықтың ішіндегі кітаптарды ұсына отырып, «Книжная карусель» әдеби мерекесін ұйымдастырды. Жол сандықтың ішінде көркем безендірілген 37 дана кітап бар. Іс-шара барысында кітапханашылар Көк жол сандықтың пайда болу тарихын әңгімелеп берді. Балалар қуана-қуана сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтардың шешімін тауып, Көк жол сандық ішіндегі кітаптарды дауыстап оқып, алған әсерлерімен бөлісті. Іс-шарада көңілді, достық көңіл-күй орнады, балалар жан-тәнімен қуанышқа бөленді, қол соғып, мерекеге шаттанып қалды.

    

     «Сәуле» балабақшасының балғындары Көк жол сандық ішіндегі кітаптармен танысты. Балаларға «Бөбектерге арналған қызықты ертегілер», «Үш аю» т.б. ертегілері оқылды. Балалар мұқият тыңдап, сұрақтарға белсенді жауап берді. Іс-шара барысында балалармен ойындар ойнатылып, сергіту сәттері жасалды. Сонымен қатар балаларға естерінде көбірек сақталған жағдайды сурет етіп салу ұсынылды, және бүлдіршіндер жігерлене келісті.

    

     «Көк жол сандықты» оның саяхаты аяқталмағаның іштей түсінгенімен, барлығы оны мұңая шығарып салды, демек, жаңа оқырмандарымыздың қатары арта түсетіні сөзсіз.


Келулердің саны: 3482