Біз жаз мерекесін қарсы аламыз

 

1_2

Көнілді жаз,тамаша,
Ән саламыз жараса
Тақпақ айтып би-билеп,
Ойнаймыз-ау таласа. 

 

Балаларды қорғау күніне арналған «Көңілді жаз, тамаша» қалалық мереке аясында Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханашылары «ашық аспан астындағы» оқу залын ұйымдастырып, «Жаз кітаппен бірге» жобасына старт берді. Мерекенің балғын қонақтарына "Кітап беттерінің сиқыры" - "Волшебство книжных страниц" кітап көрмесі
(№1 ООК, Алексейцева Е.Н., №3 КБ Түгелбаева Б.М. ); «Әлемді бірге әдемілейміз...» көркемөнер шеберханасы (Кириакиди И.), «Қарашаш сұлулар» шығармашылық шеберханасы (Қожанова А.), сонымен қатар көңілді сайқымазақтармен ойын-сауық бағдарламасы: сайыстар, жұмбақтар, қимылды ойындар ұйымдастырылды (Ковшова Л., Айдын А).

2_2

Мереке аяқталды, бірақ «ашық аспан астындағы» оқу залы қаланың балалар алаңдарында өз жұмысын жалғастыра бермек. Үстелдер, орындықтар және артық кітаптар жаз бойы балғындар мен олардың ата-аналарын күтеді. Бұл – оқырмандарды кітапханаға неғұрлым жақындатуға, қала тұрғындарының отбасылық оқуы мен демалысына қолайлы жағдай жасауға талпыныс.  Оқу арасындағы үзілісте секіртпемен секіріп, доппен ойнауға немесе асфальт үстіне бормен сурет салуға болады.  

Сіздердің назарларыңызға аталмыш іс-шарадан фотоальбомды ұсынамыз.

 


Келулердің саны: 2556