«Домбыра – уникальное явление мировой культуры» атты сазды кеш

02.04.2015ж. №4 ЖББМ 8 сынып оқушылары үшін №1 БӨМ өнерпаздарының қатысуымен ОҚК кітапханашылары Тәттімбет Қазанғапұлының өмірін әңгімелеу арқылы күйші композитормен таныстыру, оқушыларды мейірімділікке, адамгершілікке, туған жердің табиғатын сүюге халық композиторларының күйлері арқылы тәрбиелеу мақсатында «Домбыра – уникальное явление мировой культуры» атты сазды кеш өткізді. Қазақ халқының мақтан тұтатын ұлы күйшілерінің бірден бірегейі Тәттімбет Қазанғапұлына арналған аталмыш кештің барысында кітапханашы ұлы сазгердің өмірі жолы мен шығармашылығын, шыққан тегін мектеп оқушыларына баяндады. Іс-шара барысында Балалар өнер мектебінің шәкірттері: Айдын Олжас (Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» әні), Жаяубаева Дильназ («Қосбасар» және Құрманғазының күйі «Қапы») және Түсіпова Ақбота («Атым – Сара», «Үшқара» әндері) домбыраның сүйемелдеуімен ән-күй өнерімен тамсандырды. Өнер көрсеткен оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.

  

 


Келулердің саны: 1972