2020 жылғы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы

 

Республиканская акция "Одна страна - Одна книга" 2016 г.

Республиканская акция "Одна страна - Одна книга" 2017 г.

Республиканская акция "Одна страна - Одна книга" 2018 г.

Республиканская акция "Одна страна - Одна книга" 2019 г.

Қазақстанда «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы және ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамда оқуға деген қызығушылықты арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге, оқып-білуге деген қызығушылықты дамыту, сондай-ақ өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуына ықпал ету. «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы комиссиясының шешімі бойынша 2020 жылы Қазақстанда жалпыға бірдей оқу үшін Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романы мен Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы ұсынылып отыр.

   

  

 
           
 

Әнуар Әлімжанов. «Ұстаздың оралуы» романы - бізді орта ғасыр дәуіріне жетелейді. Оқиғалар орта Азия мен Таяу Шығыс қалаларында өрбиді. Бұл жерде шығарманың басты кейіпкері, терең ақылы және кең білімі үшін екінші ұстаз (Аристотельден кейін) атанған Әбу-Насыр әл-Фараби өзінің философиялық трактаттарын жазған.

   

Мұхтар Әуезов. «Абай жолы» роман-эпопеясы - қазақтың көркем прозасын жоғары деңгейге көтерген үздік туынды. Бұл романның оқиғаларды тізбектеп сипаттауына да, эстетикалық талғамы мен көркемдік қуатына да жететін шығарма жоқтың қасы. Егер "Абай жолы" эпопеясының барлық кітаптары қазақ халқының жарты ғасырлық өмірін сипаттаса, оның әрбір кітабы Абайдың рухани-адамгершілік жетілуінің белгілі бір кезеңін бейнелейді.

     

 

 

 

 

 

 

 


Келулердің саны: 21270