9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні

     

Мамыр айының мамыра-жай күндерінде ұлаң-ғайыр еліміздің түпкір-түпкірінде, бүгінде тірі және өмірден озған батыл да ержүрек бабаларымыздың өшпес рухына тағзым ету үшін, ардагерлермен сұхбаттасу, соғыс жайлы ащы шындықты білу үшін мыңдаған адамдар әрбір үлкенді-кішілі, ауылдық және қалалық ескерткіштер жанына жиналады.  

 12 мамыр күні «Лира» поэзия клубының Ұлы Жеңістің 71 жылдығына арналған «9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні» атты отырысы өтті.

 Соғысқа қатысқан елдер қатарынан көпұлтты кеңес поэзиясы өз орнын тапқандай. Және Орталық қалалық кітапхананың кітапханашысы Отанын қорғау үшін қолына қарумен қоса қалам алып, өлең жазып қана қоймай, жауынгерлерді рухтандырған және ұрыс далаларында қаза болған соғыс жылдарының ақындары жайлы әңгімеледі. 

   

Клубқа шақырылған қонақтар әртүрлі тақырыптағы өлеңдер оқыды, бірақ оларды біріктірген бір нәрсе бар еді, ол – Отанға деген сүйіспеншілік пен соғыс туралы естеліктер. Іс-шара барысында өз кеудесін оққа төсеп, неміс қызын құтқарған жауынгер, соғыс жылдарында өмірлерін, күштерін балалары үшін сарп еткен аналар туралы өлеңдер оқылды. Аналық махаббат пен қамқорлық тақырыбының жалғасы ретінде Т.В.Стрельчук аналарға арналған өз туындысын тарту етті.

Отырысқа «Лира» клубының тұрақты мүшелерінен басқа №17 ЖББМ 5-6-сынып оқушылары қатысты. Балалар отан қорғаушылар және қазіргі Қазақстан әскерінің жауынгерлері жайлы өлеңдер оқыды. Кеш соңында Ардегерлер кеңесінің төрайымы Г.Я.Сычева ұйымның жастарға патриоттық тәрбие беру жұмысын қорытындылай келе, сөз сөйледі. 

 

Келулердің саны: 1912