«Таза, терең, өткір, күшті , кең тілім!»

Қыркүйектің 21 жұлдызында №2 ЖББМ 9-сынып оқушыларына Мәдениеттер жақындастығының халықаралық онжылдығы аясында Тілдер күніне орай «» саяхат сабағы өткізілді.

Іс-шара жылы жостық қарым-қатынаста, дөңгелек үстел түрінде өткізілді. Саяхат сабағы оқушылар өздері айтып берген вавилон мұнарасы туралы аңыздан басталды. Әрі қарай әңгіме әлем тілдерінің саны, соның ішінде Қазақстандағы тілдер саны жайлы өрбітілді. Әңгіме Қазақстан халықтары тілдерінің алуан түрлілігінен мемлекеттік тіл – қазақ тілі мен ұлтаралық қарым-қатынас тілі – орыс тіліне көшті. Балалар ойынның шарты бойынша орыс тілінде өлеңдер оқылып, сөйлем арасында қазақ тіліндегі сөзді қоятын «Қазақ отбасы» деп аталатын ойынды қуана-қуана ойнады. Орыс тілі туралы бейнеролик тыңдады. Содан кейін балалар мақал-мәтелдермен жұмыс істеді, яғни балаға мақалдың басы оқылып, оны аяқтау, сонымен қатар мақал немесе мәтелдің басқа тілдегі баламасын табу ұсынылды. Саяхат сабағы Саран қаласының би ұжымдарының орындауындағы «Я,ты, он, она...» әніне қойылған бейнероликпен («Сұңқар» стадионының ашылуы туралы таспа жазылымы) және ана тілі туралы өлеңмен аяқталды.


Келулердің саны: 1962