«Кітапхана-балабақша»

2017 жылдың 16-шы ақпанында «Сәуле» балабақшасында «Книжная радуга» бағдарламасы аясында «Кітапхана-балабақша» атты кітап әлеміне саяхат өткізілді. Мақсаты: Кітапхана өмірімен таныстыру, білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру; бүлдіршіндердің кітапқа деген қызығушылығын арттыру; кітапты сүюге, оны күтіп, таза ұстауға тәрбиелеу.

      Бүлдіршіндерге ең бірінші кітапхана, абонемент, оқу залы, кітаптардың қалай орналасқаны, кітапханаға қалай жазылу керектігі туралы толық мағлұматтар берілді. «Кітап-білім бұлағы. Кітап-білімнің қайнар көзі» екені барынша түсіндірілді. Сондай-ақ ісшара барысында бүлдіршіндердің назарына 3Д, панорама, сөйлейтін кітаптар және де тағы да басқа көркем суреттелген иллюстарциялы кітаптар ұсынылды. Бүлдіршіндермен бірге «Кім жылдам?», «Ойлан тап» ойындары ойнатылып, сұрақ – жауап арқылы қандай ертегілерді білетіндері тексерілді.      

 


Келулердің саны: 1916