Біз кітапхананы таңдаймыз: Эдуард Успенский және оның достары

         №1 ООК балалар және жасөспірімдер кітапбының дәстүрлі апталығы өз жұмысын бастады. Бұл күні «Колокольчик» бөбекжайының балғындарын Чебурашка қарсы алды. Ол «Қолтырауын Гена және Чебурашка» танымал мультфильмінің әнін шырқап, кітап патшалығының лабиринттерімен саяхатқа аттанды. Балалар кітапханаға саяхат барысында кітап апталығының шығу тарихымен, кітапхананы қолдану ережелерімен танысты. Кітапхана қызметкерлері балалардың назарын кітап көрмесіне аударып, балалар жазушысы Э.Успенскийдің шығармашылығымен таныстырды. Оның ертегілері бойынша викторина өткізіп, ертегі кейіпкерлерін бояп,  әйгілі «Қолтырауын Гена және Чебурашка» мультфильмін тамашалауды ұсынды. Іс-шара соңында Чебурашка барлық балаларға базарлық тарту етті.  

 


Келулердің саны: 1621