«Бір ел – бір кітап»

 

Сәуір айының жиырма алтыншы жұлдызында Орталық қалалық кітапхана қызметкерлері № 4 ЖББМ-тің 10 «А» сынып оқушыларына «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақтың біртуар ұлының бірі, алаш алыбы С.Торайғыровтың шығармашылығына арналған «Сөз сұлтаны - Сұлтанмахмұт» атты поэзия сағатын өткізді. Іс-шара барысында абонемент бөлімінің кітапханашылары балаларды ұлы қаламгердің сан қырлы шығармаларымен таныстырды.

 

 

    ХХ ғасыр басындағы қазақ даласының әлеуметтік-саяси тұрмыс-тіршілігін, қазақ қыздарының басындағы ахуалды өз шығармаларына арқау еткен ақынның туындылары оқушыларда қызығушылық тудырды.

«Жас толқын» клубының мүшелері ақынның өлеңдерін жатқа оқыды. Іс-шара соңында кітапханашылар әдебиет алыптарының жалғасы болған Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығына арналған бүктемелер таратты

       

 


Келулердің саны: 1389