«Тарихтан туған рәміздер»

         
     

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына және Қазыбек бидің 350 жылдығына арналған "Тарихтан туған рәміздер" іскерлік конференциясы №2 ООК ұжымы және АМСО-мен әлеуметтік серіктестікте Ақтас кентінің тұрғындары мен ұйымдары үшін 2017 жылғы 30 мамырда АМСО кіші залында өткізілді. Конференцияда қазақ халқының конституциялық құқығының негізін қалаған Қазыбек би қызметінің тарихи маңыздылығы мен мемлекеттік рәміздеріне арналған мемлекеттік және орыс тілдерінде баяндамалар оқылды.

   Барлық баяндамашылар: №16 ЖББМ тарих мұғалімі А.К. Аханов , АМСО мәдени ұйымдастырушысы А.М. Святоха, "Ақ шаңырақ" ЭМБ жетекшісі М.Ж. Супьянова, №2 ООК кітапханашысы О.В. Борщ  баяндамаларын слайдтық презентациямен сүйемелдеді. №13 ЖББМ оқушысы Малофеева Полина қазақстандық ақын В.Петровтың "Біздің мемлекеттік Әнұранымыз" өлеңін мәнерлеп оқыды. Конференция қатысушыларының назарына Сарыарқаның ұлы биі-Қазыбек бидің өмірі мен қызметіне арналған "Елдің Мемлекеттік рәміздері" патриоттық ролигі, "Бабалар рухында" бейнефильмі ұсынылды.

         

Келулердің саны: 2493