Библиокафе - Вкусное чтение

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай Орталық қалалық кітапхананың оқу залында кітапханашылар «Дәмді оқу» библиокафесін ұйымдастырды. Еліміздің төл мерекесі қарсаңында өткізілген бұл іс-шарада оқырмандар ең үздік, мазмұны терең, маңызы зор кітаптар алып қана қоймай, кітапхана қызметкерлері әзірлеген дәмді дастарханнан ұлттық тағамдардың дәмін татты. Жайылған дастархан басында әр оқырман өзінің жүрекжарды ақ тілегін айтып, ізгі ниетін білдірді. Қазақы болмыстың, кең пейілділіктің, ұлттық сарынның символы, жыл басы – Ұлыстың ұлы күні барша қазақстандықтарға құтты болсын!

     

Келулердің саны: 892