«Конституция – мемлекеттің негізгі заңы» атты құқықтық сағаты (ҚР Конституциясы)

Іс-шара және «Ата Заң – елдігімнің айғағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып оқырман жастарға Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы ақпарат беріліп, оның қабылдану тарихы, құрылымы, негізгі қағидаттары мен қоғамдағы рөлі түсіндірілді. Конституцияда бекітілген азаматтардың құқықтары, бостандықтары және міндеттері туралы мәліметтер ұсынылды. Оқырман жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында сұрақ-жауап, викторина және танымдық тапсырмалар ұйымдастырылды.

Жас  оқырмандарға  Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы білімдерін кеңейтіп, оның мемлекет пен қоғам өміріндегі маңызын терең түсінді.