«Өлеңіме өмір сыйлап, дем бердім» шығармашылық кеше

Саран қаласының Мәдениет үйінде «Поэтические кружева» әдеби қонақжайы аясында
қаланың ақыны және прозашысы Адамжан Рахимберлинұлы Мұсабековпен «Өлеңіме
өмір сыйлап, дем бердім» атты шығармашылық кеші болып өтті. Кеш барысында автор
қонақтарды өзінің шығармашылығымен және кітаптарымен таныстырды: «Өмір Өзен»,
«Арнадын саған», «Арнадын саған». Ақын өмірден мысалдар келтіріп, әзілдеді, соңында
студенттер ақынға өздері жазған алғыс сөздерін оқыды. Кеш жағымды жағдайда өтті.
Барлық қатысушылар жағымды эмоцияларға, көтеріңкі көңіл-күйге ие болды.