«Ұлттық мереке – ұрпаққа өнеге»

«Жас Отау» ЭМҚБ-те Орталық қалалық кітапхана «Саран қаласының мемлекеттік архиві» КММ-мен бірлесіп Наурыз мейрамына арналған «Ұлттық мереке – ұрпаққа өнеге» атты дәстүр сағатын өткізді. Іс-шара барысында кітапханашылар мерекенің тарихы, салт-дәстүрлері туралы айтып берді. «Жас Отау» ЭМҚБ жетекшісі Н.А. Кернебаева «Бесікке салу» салтын көрсетті. Іс-шара соңында «Саран қаласының мемлекеттік архиві» КММ мамандары қазақ халқының ұлттық костюмінің әдемілігін көрсете отырып, ұлттық киімде «Ақ көгершін» әнін орындады.