«Нағыз еркектерге арналған мамандық»

24 тамызда Орталық қалалық кітапхананың коворкингінде Кеншілер күніне арналған «Нағыз еркектерге арналған мамандық» атты ашық диалог өтті. Кездесуге кенші еңбегінің ардагерлері, «Шахтер даңқы» белгісінің толық кавалерлері Борис Васильевич Сахаров, Жанат Ашимович Ашимов, Мейрамбай Мукашевич Токушев қатысып, жастарға шахтада қалай жұмыс істегендері, жұмыста қандай жетістіктерге қол жеткізгендері туралы айтып, жұмыс күндері туралы естеліктерімен, онда кездестірген қиындықтары мен ұжым бірлігі жайлы бөлісті. Саран қ. «Ардагерлер кеңесі» ҚБ төрағасы Ж.М. Токушева және кенші еңбегінің бастауыш ұйымының төрағасы Е.П. Бурдукская шахтер-еңбегіңін ардагерлеріне қандай көмек пен қолдау көрсететіндері және жолдастарын ауыр кенші еңбегінде қалай қолдағандары туралы айтып берді. Саран қ. Саран техникалық колледжіндегі кеншілік өндірістік білім беру мастері Б.М. Тажинин «Жастар ресурстық орталығы» КММ жастарына «Жерасты электрослесары» мамандығы туралы айтып берді. Соңында Саран қаласының жергілікті ақыны Т.В. Стрельчук барлық кеншілерді келе жатқан мерекелерімен құттықтап, «Едут шахтеры на смену» өлеңін оқыды.