Наурыз мейрамына арналған «Ұлыстың ұлы күні: ұлттық киім және мәдениет» атты  кездесуі

18 наурыз күні Наурыз мейрамы мерекесіне орай Абай Құнанбаев атындағы СЖГТК  студент-оқырмандарына арналған «Көктем мен мейірім мерекесі» атты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара құттықтау сөзімен басталып, қатысушыларға Наурыз мерекесінің мәні мен маңызы туралы қысқаша ақпарат ұсынылды. Одан кейін қатысушыларға ұлттық киімдер мен олардың ерекшеліктері таныстырылды. Бағдарлама барысында әндер мен өлеңдерден тұратын шығармашылық өнер көрсетілімдері өтті. Келесі бөлімде көрермендерге арналған ойындар мен байқаулар ұйымдастырылды. Сонымен қатар қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары көрсетіліп, ұлттық тағамдар жайында мағлұмат берілді.