Тәтті ертегі – "САРАН ҚАЛАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНА ЖҮЙЕСІ" КММ КГУ "ЦЕНТРАЛИЗОВАННАЯ БИБЛИОТЕЧНАЯ СИСТЕМА" Г.САРАНИ

Саран қаласының «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

  • Қазақ тілі
  • Русский
  • Тәтті ертегі

    «Тәтті ертегі» десе, тәтті ертегі бұл. Оқиғасы Құрбан айт қарсаңында басталады. Неге Құрбан айт қарсаңында? Әдетте, Еуропа жазушылары өздерінің Рождествосын балалар үшін ғажайып сыйлыққа толы ерекше күнге балап, балаларды неше түрлі тылсым оқиғаларға қызықтырып, өзіне де, сөзіне де үйіріп әкетпей ме?

    Жазушы Көсемәлі Сәттібайұлы да өзінің бұл ертегісінде дәл сондай ғажайып күнді Құрбан айттың қарсаңындағы Арападан бастайды. Сөйтіп Діннұр деген немересін ойда- жоқта дүкенге ертіп апарып, анау-мынау емес, Супер- Компьютердің өзін сатып әперген Сәруар қариямен таныстырады.

    Оқиға желісі осылайша ширығып, ширап, шарықтай түседі де көшедегі автокөліктің- қоңызға, гүлге қонаған Инеліктің- Тікұшаққа, автобустың — Қырқаяққа (т.б.) ұқсайтынын өлеңге айналдыратын кейіпкері арқылы балғын оқырмандарын баурап алады.

    Жазушы қиялынан туған «Абату қасіреті» де, сол халықтың тілінде сөйлейтін соңғы адамның өмірден өтуі де адам жанын еріксіз тебірентеді, толқытады.

    Кітап балабақша тәрбиешілеріне, бастауыш сынып оқушыларына, ата-аналарға және ертегіні жақсы көретін барлық балаларға арналған.

    Сәттібайұлы К.
    Тәтті ертегі. — Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2022. — 32 б