ООК «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес: сөзден нақты іске» атты құқықтық сабағы («Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» іске асыру аясында).

№1 ООК оқырмандары, №1 МЛ 5 «В» сынып оқушылары үшін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тұжырымдамасын іске асыру аясында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес: сөзден нақты іске» атты құқықтық сабақ ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру және оған қарсы тұру мәдениетін насихаттау.
Іс-шара барысында кітапханашы қатысушыларға «сыбайлас жемқорлық» ұғымын түсіндіріп, оның түрлері мен нысандары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері және оның алдын алу мен оған қарсы іс-қимыл жасау жолдары туралы айтылды.
Іс-шара аясында №1 ООК кітапханашылары дайындаған «Сыбайлас жемқорлықсыз жаңа қоғам» және «Бұл әркімге қатысты» атты бейнероликтер көрсетілді. Оқырмандар «Кинодағы сыбайлас жемқорлық тақырыбы», «Әдебиеттегі парақорлық пен мемлекет мүлкін жымқыру мәселесі» атты байқауларға қатысып, «Сыбайлас жемқорлыққа – жол жоқ!» викторинасында өз білімдерін сынады.
Іс-шара соңында «Заңды әрі ашық» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Көрмеде қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген сыбайлас жемқорлық қылмыстары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясы және осы бағыттағы мемлекеттік саясат туралы әдебиеттер таныстырылды. Қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның жолын кесу және оған қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі ақпараттық бүктемелер, сондай-ақ «Пара берсең – жазаға тартыласың!» атты парақшалар таратылды.