«Отпен ойнама немесе өрт қауіпсіздігі әліпбиі»

Коворкингте Абай атындағы ЖББМ жанындағы лагерь балаларымен бас маман подполковник Л.Ж. Алпысбаева мен азаматтық қорғау инженері лейтенант М.А.Жүнісбектің қатысуымен «Отпен ойнама немесе өрт қауіпсіздігі әліпбиі» танымдық ойыны өтті. Мамандар әлемдегі ең батыл мамандықтардың бірі – өрт сөндіруші мамандығы туралы айтып берді, өрт сөндіру құрал-саймандарын анық көрсетті, балалар өрт сөндірушінің киімін киіп көрді. Жұмбақтар, викториналар, от туралы мақал-мәтелдер байқаулары бар танымдық ойын қызықты әрі көңілді өтті.