«Поэзия — көңілдің әуені»

29 сәуір күні Орталық қалалық кітапханада ақын Татьяна Владимировна Стрельчукпен «Поэзия — көңілдің әуені» атты шығармашылық кездесу өтті ✨
Іс-шараға Сарань қаласының білім беру саласының ардагерлері шақырылды. Жылы әрі шынайы атмосферада балалар поэзиясының ерекшелігі неде және оның балалар тәрбиесіне әсері қандай?, деген маңызды мәселелер талқыланды. Кездесу барысында өлеңдер оқылып, қатысушылар өз ойлары және шабыттарымен бөлісті. Қала ардагерлері Татьяна Владимировнаға тамаша кездесу мен оның «Солнечный зайчик» және «17 лучиков добра» атты балалар кітаптарының таныстырылымы үшін алғыс білдіріп, шығармашылық табыс тіледі. Сонымен қатар, поэзия баланың әлемін жарқын, бай әрі қызықты ететінін атап өтті.