Сүлейменов, А. Екі томдық шығармалар жинағы. І том. Повестер мен әңгімелер. Ой-толғамдар / А. Сүлейменов. – Алматы : Айғаным, 2018. – КГУ "ЦЕНТРАЛИЗОВАННАЯ БИБЛИОТЕЧНАЯ СИСТЕМА" Г.САРАНИ КГУ "ЦЕНТРАЛИЗОВАННАЯ БИБЛИОТЕЧНАЯ СИСТЕМА" Г.САРАНИ

КГУ "Централизованная библиотечная система" г.Сарани

  • Қазақ тілі
  • Русский
  • Сүлейменов, А. Екі томдық шығармалар жинағы. І том. Повестер мен әңгімелер. Ой-толғамдар / А. Сүлейменов. – Алматы : Айғаным, 2018.

    Көрнекті жазушы-драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Асқар Сүлейменовтің (1938 – 1992) бұл жинағына прозалық шығармалары – ел тәуелсіздігі үшін толассыз күрестің шешуші бір кезеңі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің көркем фәлсәфасы, өзгеше бір зерделемесі «Бесатар», Біржан сал ғұмырының кей тұстары негізінде өнер адамының асқаралы парызы, енер мұраты, елдік мұрат туралы ой қозғап, Ұлттық идеяға шығатын «Адасқақ», замандастар өмірінен жазылған «Ситуация» повестері мен «Ақ кемпір», «Қара шал» әңгімелері берілген.

    Том соңында суреткер прозасын, ондағы философияны талдайтын материал мен мақала бар. А. Сүлейменовтің терең ойлы, аса көркем, «ұлттық тілдің өткені мен бүгінін жалғастырушы алтын көпір», шешен тілді шығармалары қалың оқырманның игілігіне қызмет ете беретіні анық.