«Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары»

    2017 жылдың 13-ші қазанында №7 мектеп оқушыларының қатысуымен Қазақстан Республикасының іргетасы Алашорданың құрылғанына 100 жыл толуына орай «Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары» атты әдеби кеш өткізілді. Шара  Қазақстан қоғамын жаңғыртуда Алаш қозғалысының тәуелсіздік мұраттары үшін күрестегі рөлі мен маңызын жас ұрпаққа таныстыра отырып, кітап оқуды насихаттау мақсатында өткізілді. Оқушыларға «Алаш» партиясының өмірге келуі және оның мақсаты, Алаш Орда үкіметі, Ақпан төңкерісі, Бірінші Жалпықазақ съезі, Алаш Орда қайраткерлері, «Алаш» партиясының көсемі Әлихан Бөкейхановтың өмірі және еңбек жолдарымен тереңірек таныстырып, тақырып бойынша викториналық сұрақ-жауап қойылды. Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салды. Мұндай кештер оқушыларды Отанды қорғауға, сүйіспеншілікпен қарауға,  үлкенді құрметтеуге, отан үшін шайқасқа түскен аға- апаларымыздың рухына бас июге, үлкенге – ізет, кішіге-қызмет етуге, адамгершілікке тәрбиелеуде өте маңызды.


Количество посещений: 1043