«Саран: кеше, бүгін, ертең» кітап экспозициясы

Қала тұрғындары үшін Мәдениет үйінде Саран қаласының 70 жылдығына орай «Саран – кеше, бүгін, ертең» атты кітап көрмесі ұсынылды. Кітапханашылар О.А. Лаухина, Ж.К. Құрманалина қала тарихын сипаттайтын өлкетану кітаптары мен құралдарына шолу жасады, қала ақындары, сондай-ақ қала мақтан тұтатын танымал адамдар туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Саран қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі дайындап, шығарған «Соғыс жайлы естеліктер…», «Чернобыль жан сыздатар ащы естелік», «Кіші Отан – үлкен тарих», «Мен өз жерімнің ұлымын», «Біздің кенттің тарихы және тағдыры», «Мен туған жерімнің кездейсоқ қонағы емеспін»  атты өлкетану оқулықтары үлкен қызығушылық тудырды.