«Шекарасыз алғыс айту»
№1 Отбасылық оқу кітапханасында № 1 МЛ 7 сынып оқушылары үшін Алғыс айту күніне арналған «Шекарасыз алғыс айту» атты іс – шара өтті. Қатысушылар мерекенің пайда болу тарихымен танысты. Іс-шараның спикері Саран қаласының Ардагерлер кеңесінің мүшесі, тарихшы – Е.А. Рейслер болды, ол халықтарды Қазақстанға депортациялау туралы айтып, тарихқа қысқаша экскурсия жасады. Алғыс айту күнінің мақсаты ортақ тарих, қазақ халқының және барлық этностардың бір-біріне қолдауының арқасында бастан кешкен бірлескен қиындықтар туралы естелік негізінде көпұлтты Қазақстанның бірлігін сақтау және дамыту болып табылады.
«Болашақ үшін естелік» атты кітап көрмесі рәсімделді, көрмеде достық пен келісімде тұратын Қазақстан мен этностар туралы кітаптар ұсынылды.