Шоқан Уәлихановтың тағдыры мен мұрасы» өмірбаяндық кеші

  Шоқан Уәлихановтың тағдыры мен мұрасы» өмірбаяндық кеші (ғалым, этнограф, ағартушы Шоқан Уәлихановтың 1″90 жылдығына арналған)

27 қараша күні №1 отбасылық оқу кітапханасында №1МЛ 9-сынып оқушылары ғалым Шоқан Уәлихановтың өмірбаянының алтын беттерімен: оның Қашғарияға сапары, орыс жазушысы Ф.М. Достоевскиймен, зерттеушілер Т.Г. Потанин және П.П. Семёнов-Тян-Шанскиймен және т.б. достығы, ғылыми қызметімен таныстырылды. Іс-шара барысында «Шоқан Уәлиханов – Шығыстың жарық жұлдызы» атты презентация көрсетілді. Ш. Уәлихановтың еңбектері мен ол туралы әдебиеттер ұсынылған көрмеде библиографиялық шолу жүргізілді. Биографиялық кешке қатысушылар қазақтың ұлы ғалымының өмірі мен еңбектерін, адамдық қасиеттерін тағы бір мәрте еске түсірді.  Шара «Шоқан Уәлиханов. Қысқаша өмірбаяны» атты бейнероликпен толықты.