«Сиқыршы болуды байқап көр» әдеби мерекесі

№1 ООК «Сиқыршы болуды байқап көр» әдеби мерекесі (Балаларды қорғау халықаралық күніне орай).

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай №1 ООК балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы өткізілді. Кітапханашы балаларға ертегілердегі мейірімді және зұлым сиқыршылар туралы айтып, жақсылық әрдайым жамандықты жеңетінін түсіндірді.

Балалар түрлі ойындар мен байқауларға белсене қатысып, «Пазл құрастыр» және «Кейіпкерді боя» тапсырмаларын орындады. Одан кейін олар таза ауада асфальтқа әсем суреттер салып, өз қиялдарын көрсетті. Жүргізушінің ұсынысымен балалар күннің суретіне жарқын шуақтарын қосты.

Шараның соңында бір бала секіртпемен секірудегі шеберлігін көрсетіп, көпшіліктің көңілін көтерді. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай кітапханашы балаларға тәттілер таратты. Көптеген балалар кітапханаға жазылды.