«Соғыс туралы кітап беттерінде»

№2 ООК-ның коворкингінде Ақтас кентінің мәдени-сауық орталығы ұйымдастырған «Жасөспірімдер мен жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу» атты диалог алаңында Ақтас кенті әкімі, Ауған соғысы ардагерлері, 44803 ә/б әскери қызметшілері, қала жастары және т.б. назарына Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған «Соғыс туралы кітап беттерінде» атты кітап көрмесі және ақпараттық-шолу ұсынылды. Сондай-ақ, кездесуге қатысушыларды «Бір ел-бір кітап» акциясының номинанты Төлен Әбдікұлының шығармашылығымен таныстырды.