«Теңге – Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігінің символы» өлкетану кездесуі

Ұлттық валюта күні қарсаңында № 17 МГ бірлесіп 6 сынып оқушыларына
«Теңге – Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігінің символы» атты
өлкетану кездесуі ұйымдастырылды. Кездесуді ОҚК кітапханашысы ашты,
балаларға қазақстанның валютасы – теңгенің пайда болу тарихын айтып,
бейнеролик көрсетті. Кездесу барысында оқушылар қаланың нумизматы
Галина Васильевнамен танысып, балаларға өз коллекциясын көрсетіп,
Қазақстан – теңге монеталары мен банкноттарының тарихы туралы айтып
берді.