«Туған жерім-алтын ұя, бесігім»

ОҚК коворкингінде Саран қаласының 70 жылдығына орай «Менің Отанымның бастауы» тақырыбында «Бастау» клубы мүшелерінің отырысы өтті. Әңгіме барысында кітапханашы қаланың пайда болу тарихы, алғашқы құрылысшылар, алғашқы көшелер, ескерткіштер, кәсіпорындар туралы айтып берді. Қатысушылардың назарына «Туған жерім-алтын ұя, бесігім» атты кітап көрмесі ұсынылды, онда Саран туралы кітап және альбом басылымдары, өлкетану құралдары , қала ақындарының өлеңдерінің авторлық жинақтары ұсынылды.