«Өз денсаулығыңды суретте» практикум кездесуі
№2 ООК коворкингі және «Шабыт» клубының жұмысы аясында нейрография маманы Татьяна Самущенкомен өткізілген «Өз денсаулығыңды суретте» қызықты практикум-кездесуі қатысушыларды түпсанамен және нейросызықтар арқылы позитивті бағдарламалаумен жұмыс істеудің заманауи және бірегей әдісімен таныстырды. Кездесуге қатысушылар іс жүзінде оң өзгерістерді сезінді және одан әрі ынтымақтастық пен жаңа кездесулер туралы келісті. Осы кездесу үшін Татьянаға алғыс білдіріп, шығармашылық табыстар тілейміз!